Президент атқорасынан шыққан дау. Құрылысшылар ақшасын ала алмай жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада президент іс басқармасына қарасты атқораның құрылысын салуға қатысқан бірнеше кәсіпкер келісімшарттағы қаржыны ала алмай жүр. Іс басқармасы мен бас мердігер міндетімізді толық өтедік дейді. Құрылысшылардың сөзінше, еңбек дауы ортадағы қосалқы мердігерлердің шартты орындамауынан туған.