Вашингтон Украина мен Ресей арасындағы қатынасты бейбіт реттеуге қатысты ұстанымын өзгертіп жатыр және бұдан былай келіссөзге араағайын болу үшін "бірінші шақырту алысымен жахан кезіп ұша жөнелмейді". АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Тэмми Брюс осылай деп мәлімдеді.
Брюстің сөзінше, мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тың қатысу форматы өзгеретінін ашық айтқан, дегенмен бейбіт бастамаларды қолдау жалғасады. Вашингтон Ресейге қарсы салынған санкцияларды жоюды жоспарлап отырған жоқ, деді мемлекеттік департаменттің өкілі.
Бұған қоса Брюс қақтығысқа қатысып жатқан екі тараптың соғысты тоқтату үшін нақты қадамдар ұсынып, оны өз бетімен дайындайтын уақыт жетті деген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар келісіміне қол қойдыБұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мәскеу мен Киевтің ұстанымдары әлі де алшақ деп мәлімдеген.
"Путин бүкіл Украинаны басып ала алмайды, ал Украина Ресейді 2014 жылғы шекарасына дейін ығыстыра алмайды", – деген Рубио. Оның сөзінше, АҚШ бейбітшілікке қол жеткізуге күш салудан бас тартпайды, бірақ жақында президент Дональд Трамп бұл мәселеге тағы қанша уақыт пен ресурс жұмсай алатыны жөнінде шешім қабылдауға тиіс.
Рубио Ресейдің Украинаға қарсы соғысы халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып қала беретінін, бірақ "әлемнің ұзақ мерзімдегі болашағы үшін Қытайға байланысты жағдайлар маңыздырақ" екенін айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Путин Украинаны атқылауды қойып, келісімге қол қойғанын қалайды- Сәуірдің аяғына Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп, атысты тоқтату жөнінде Ресеймен жүргізілген келіссөздер тығырыққа тірелгенін хабарлаған. Агенттік сөйлескен адамдардың сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин соғысты тоқтату жөніндегі кез келген келісімнің шарты ретінде Украинаның ішінара оккупацияланған аймақтары толығымен Мәскеудің бақылауында болсын деген талап айтып отыр. Ондай аймақтарға Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстары жатады.
- Путиннің мұндай талабы АҚШ президенті Дональд Трамптың атысты тез арада тоқтатып, соғысты аяқтауды көздеген әрекетіне соққы болып тиіп отыр, деп жазды агенттік. Бейбітшілік туралы келіссөзге көндіруден нәтиже шықпауы Ақ үйдің көңілін қалдырып отырғаны да айтылған.