"Германия үшін балама" партиясы "экстремисшіл" деп танылды

Германия конституциясын сақтау бойынша федералды ведомство "Германия үшін балама" (AfD) партиясын "экстремисшіл ұйым" деп таныды. Ведомство таратқан хабарламада партия "адамның абыройын құрметтеу принциптерін жүйелі түрде бұзды" дейді.

Der Spiegel басылымының жазуынша, енді партия ресми түрде конституцияға сай емес деп танылады. Демек арнайы қызметтер партия жұмысын жіті тексере алады.

Ведомство партия идеологиясы этникалық түсінікке құрылып, немістер мен басқа этникалық топтардың, әсіресе мұсылмандардың тең құқығын жоққа шығарады дейді.

"Германия үшін балама" партиясы иммигранттарға түбегейлі қарсы.
Ақпанда Германиядағы парламент сайлауында «Германия үшін альтернатива» партиясы екінші орын алған. Ал сайлауда Фридрих Мерц бастаған "Христиан-демократия одағы" және "Христиан-социалистер одағы" (ХДО/ХСО) блогы жеңген. Мерц "Германия үшін балама" партиясымен үкіметтік коалиция құрмайтынын айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Германиядағы парламент сайлауында "Христиан-демократия одағы" мен "Христиан-социалистер одағы" озды