Путин жариялаған бір күндік атысты тоқтату режимі орындалды ма?

Your browser doesn’t support HTML5

19 сәуірде Пасха мерекесінде Ресей президенті Владимир Путин 30 сағатқа пасхалық татуласу жариялап, атысты доғара тұруға шақырды. Бірақ ол 20 сәуірдегі Украина президенті Владимир Зеленскийдің азаматтық инфрақұрылымға дрондармен және зымырандар шабуылдарды 30 күнге тоқтату туралы ұсынысына жауап бермеді. Дегенмен Мәскеу мен Киев бір-бірін атысты 30 сағатқа доғару шарттарын орындамады деп айыптады. Саяси сарапшылар Путиннің пасхалық мәлімдемесін ресми Вашингтонның көзіне түсуге тырысу деп бағалады.