Accessibility links

Алматыдағы көрініс. 8 қаңтар 2022 жыл.
Алматыдағы көрініс. 8 қаңтар 2022 жыл.

Қазақстанда қаралы күн. 10 қаңтарда не болды?

13:42 10.1.2022

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Азамат Ибраев көз жұмды. Оның мәйіті астанадағы өз үйінің ауласынан табылған. Бұл туралы ҰҚК хабаралды.

Қазір Есіл аудандық полиция бөлімшесі тергеу жүргізіп жатыр.

Осыған дейін қазақстандық телеграм каналдарда Ибраевтың өз-өзіне қол салғаны жайлы хабар тараған.

Бұдан бөлек, ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полициясының бастығы генерал Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғанын растады. Ведомство жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков телеграмдағы арнасында Сүлейменовтің өзіне қол салғанын жазған.

12:30 10.1.2022

Ерлан Қарин елдегі оқиғаларды "төңкеріс жасау мақсатындағы гибридтік террорлық шабуыл" деді

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин "Хабар 24" арнасының эфирінде елде 5 қаңтардан бастап болған оқиғаларды "елде төңкеріс жасау мақсатындағы гибридті террорлық шабуыл" деп атады.

Ол 1-5 қаңтарға дейінгі елдегі наразылықтарды "бейбіт митинг" деді, ал 5 қаңтардан кейінгі оқиғалардың бейбіт наразылыққа қатысы жоқ дегенді меңзеді.

"Бұл жерде ішкі және қандай да бір сыртқы күштердің келісімі болған, себебі қазақстандық және шетелдік азаматтар қатысты" деді Қарин.

Жақында ғана тағайындалған мемхатшы "ҰҚШҰ әскерін кіргізу елдің ішіне бүлік салудың жол кесті" деп санайды.

Қазақстан билігі елдегі 5 қаңтардан кейінгі тәртіпсіздікті ұйымдастырған "террористер" мен "содырлар" десе де, олардың нақты кім екенін ашып айтпай отыр. Тәртіпсіздіктен қанша адам қаза болғанын да билік жарияламай отыр. Қазірге дейін белгілісі елдегі тәртіпсіздік кезінде кем елу адам қаза тапқан. Олардың арасында екі бала бар.

Қазақстан билігінің Ресей бастаған ҰҚШҰ әскерін елге кіргізгені қоғамда және халықаралық қауымдастық тарапынан қатты сынға қалған еді. Олар мұны "Қазақстан тәуелсіздігіне төңген қауіп" деп санайды. Ақорда "ҰҚШҰ күштері елде жағдай тұрақталған соң кетеді" деп бірнеше рет қайталады.

12:09 10.1.2022

ІІМ Қазақстанда ұсталғандар саны 7939 адам болғанын хабарлады. Алматыдағы "Алтын Орда" және тағы бір базарда әскерилер 207 адамды ұстаған. Билік елдегі тәртіпсіздікте қанша адам қаза тапқанын ашып айтпай отыр. Қазірге дейін елуге жуық адамның қаза тапқаны белгілі.

11:59 10.1.2022

Жамбыл облысы полиция бастығының қайтыс болды. Оның өзіне қол салғаны айтылады

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полициясының бастығы генерал Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғанын растады. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Ведомство жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Телеграмдағы арнасында Сүлейменовтің өзіне қол салғанын жазған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG